Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Денсаулық сақтау министрлігінің банкіне айналып кетті. Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Үкімет сағатында, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Денсаулық сақтау министрлігінің банкіне айналып кетті. Азаматтар мен дәрігерлер бір-бірімен байланысы жоқ және ойластырылмаған реформалардың құрбанына айналды, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы төмендеп кетті, ал МӘМС азаматтардың алдында беделінен айырылды, - деді Аймағамбетов.
Оның пікірінше, бір жағынан қаражат жетпей жатыр, ал екінші жағынан емдеу тарифтері сапалы емдеуге мүмкіндік бермейді. Бірақ тіпті осы қаражаттың өзі көбіне тиімсіз жұмсалады.
Бүгінде бар мәселелер бір жылдың ішінде пайда болған жоқ екенін мойындауымыз керек. Олар ұзақ мерзімді және жүйелі сипатқа ие. Бұл тек Денсаулық сақтау министрлігінің жауапкершілігі ғана емес, бұл тек Ақмарал Әлназарова мен оның жаңа командасының жауапкершілігі де емес, – деп айтып, депутат мәселені жүйелі түрде шешу керегін ұсынды.