Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Аймағамбетов Мәжілісте коучтерге қатысты мәселені көтермек

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
2 Қыркүйек 2025, 11:44
863
Бөлісу:
 - архив/ Арман Мухатов
VIDEO
Фото: - архив/ Арман Мухатов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында алдағы уақытта қандай мәселелерді көтеретінін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы сессияда мәселе көп. Жалпы, заң – ол бір бөлек. Екіншіден, біз өзіміз (депутаттар – ред.) бастама жасаған психологиялық қызмет туралы заң жобасын дайындап, Үкіметке қорытындыға жібердік. Instagram, TikTok-ты ашсаңыз, әртүрлі коучтер, білімі жоқ болса да, психологиялық көмек көрсетемін дейтін азаматтар аз емес. Оның соңы неге әкелетінін біз жақсы білеміз. Сол себепті осы салада арнайы заң жобасын дайындадық. Оны реттеуіміз керек, - деп айтты Аймағамбетов кулуарда.

Депутаттың айтуына қарағанда, Парламентте коучтардың біліктілігіне қатысты сұрақтар көтерілмек.

Оның сөзінше, депутаттар археология туралы заң жобасын дайындаған.

Оған қоса, бізде тәуелділікті (аддикция – авт.) емдеу бойынша да сұрақтар бар. Алкоголизм, лудомания, нашақорлық проблемалары өзекті. Біз оларды қалай емдеп жатырмыз? Міне, осы мәселе де біздің назарымызда болуы қажет. Тиісті емдеу хаттамалары бар ма? Емдеу орталықтары қаншалықты дайын? Көмекті дұрыс көрсетіп жатырмыз ба? Құрылыс бойынша да сұрақтар көп, - дейді депутат.

Асхат Аймағамбетов бюджет, әлеуметтік салада да сұрақтар жеткілікті екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы