Аймағамбетов Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

28 Маусым 2021, 12:55
3452
Бөлісу:
Аймағамбетов Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бүгін — бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Баршаңызды төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Жаңалықтарды жедел әрі объективті жариялау, оқиғаларды жан-жақты талдау, қоғам мүддесін қорғап, көрермендер, тыңдаушылар мен оқырмандардың игілігі жолында атқарып жатқан еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін, - деп жазды министр.

Пандемия жағдайында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жұмысы қаншалықты сұранысқа ие екені тағы бір мәрте айқындалды.
Қиын-қыстау кезеңде журналистер өз жұмыстарын одан әрі жандандырып, халықты өзекті ақпаратпен уақытылы қамтамасыз етіп отырды. Коронавирус індеті редакция қызметкерлерінің арасында да таралғанына қарамастан, сіздер ақпараттың үздіксіз таралуын қамтамасыз еттіңіздер. Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы — бұл қызығы мен қиындығы қатар жүретін әрі монтажерлер, операторлар, жарық берушілер, жүргізушілер, дыбыс режиссерлері, режиссерлер, журналистер, продюсерлер мен редакторлардың бірлескен командалық жұмысы. Бүгінгі мерекелік күнде сіздерге зор денсаулық, бақыт, шығармашылық табыс тілеймін, - деп жазды Аймағамбетов.


Өзгелердің жаңалығы