Айгүл Ысқақова: Қазақ радиосы. «Атамекен» редакциясының сырлары

4 Қыркүйек 2021, 19:55
10220
Бөлісу:
Айгүл Ысқақова: Қазақ радиосы. «Атамекен» редакциясының сырлары
Сұхбат
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өмір сүру қанша жеңіл болса да, тағдыры ауыр жандар болады.  «Ғасыр күнделігі» айдарының бұл жолғы кейіпкерінің де тағдыры сәби кезінен бастап тартысқа түскен.

Айгүл Ысқақова – белгілі ақын, филология ғылымдарының кандидаты, «ЕСЕП» партиясының құрамында болғаны үшін 25 жылға сотталған Бүркіт Ысқақовтың қызы.

Әке айдауда, шеше ерте қаза болды, бүкіл әулет қудалаудың құрығынан құтылмаған, тіпті қартайып қалса да туған нағашысы Доскей Әлімбаев та саяси зобалаңның ызғарынан құтыла алмады.

Балалық шағы тауқыметтің ортасында өтсе де Айгүл Бүркітқызының белі бүгілген жоқ.

Әкем қуғынға түсті. Тағатын бір ғана айыбы – ескілікті дәріптеді деген жала. Иә, жоққа шығармаймын, батырлар, хандар туралы жазды. Атам Доскейдің де алғашқы поэмасы Кенесары хан туралы болған. Оның өзін жазылған соң бәлен жылдан кейін жарыққа шығарды. Сол үшін Доскей атамды да қуғындады. Әкем сотталған соң оның соңынан іздеп, шығармаларын жинақтау былай тұрсын, ағайын-туыстың өзі қорқатын болды, – деп бастады әңгімесін Айгүл Ысқақова.
Әкесі қуғында жүргенде ҚарЛаг түрмесінде анасы қайтыс болады. Әкеден тірі, шешеден өлі айырылған 3 жасар қыз нағашыларын паналауға тура келеді.

Сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Өзгелердің жаңалығы