Пойыздарда "әйелдерге арналған" купе пайда бола ма?

3 Желтоқсан 2019, 17:40
3128
Бөлісу:
Пойыздарда "әйелдерге арналған" купе пайда бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы бас директордың корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдыкозов тілшілердің "нәзік жандыларға арналған жеке купелер пайда бола ма?" деген сауалына жауап берді.

Пойыздардағы купені 100% ұлдарға арналған және қыздарға деп бөлу мүмкін емес нәрсе. Ең біріншісі әрі маңыздысы – біз қызметкерлермен жұмыс істеуіміз керек. Ондай өз ісіне адал емес адамдарды атымен жұмысқа қабылдамауға тиіспіз. Біздің 2020 жылға арналған персоналдарды аттестациядан өткізу және оларды оқыту бойынша жоспарымыз бар. Соған сәйкес әрекет етеміз, - деп жауап берді спикер.

Ол пойызда зорланған әйел адамдардың шағымына қатасты сауалға жауап беру кезінде компанияның басты міндеті персоналмен қосымша тыңғылықты жұмыс жүргізу екенін атап айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қыркүйек айында Астана-Ақтөбе бағытындағы пойызда ғылыми конференциядан үйіне қайтып бара жатқан жолаушы әйел зорлыққа ұшыраған еді. Екі жолсерік әйел отырған купеге басып кіріп, күш көрсеткен және зорлық жасаған болатын. Пойыздың жолсеріктері екі жарым жылға сотталған еді.

Бұған дейін, биылдан бастап теміржол билетін "Электрондық күту парағы" арқылы сатып алуға болатыны хабарланған. Сонымен қатар, биыл еліміз бойынша 15 млн-нан астам билет сатылған, бұл сатылған билеттердің жалпы көлемінің 80%-нан астамы электрондық түрде ресімделгені белгілі болды. 

Өзгелердің жаңалығы