Әйелдер мен жастарға берілген 30% квота саяси жүйеге өзгеріс әкеледі – Шәукенова

21 Қазан 2020, 17:29
2709
Бөлісу:
Әйелдер мен жастарға берілген 30% квота саяси жүйеге өзгеріс әкеледі – Шәукенова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді деп белгіленген ҚР Парламент сайлауына қатысты пікір білдірді. 

Сайлаудың күн тәртібі қоғамда ара-тұра түрлі жағдайларда талқыланып келді. Сарапшылар мен саясаттанушылар өз болжамдарын жасап, парламент сайлауы бұған дейін Қазақстанда бірнеше рет өткізілгендей, ертерек бола ма деген мәселені талқылады. Биылғы жылдың басында, 2020 жылдың саяси жүйенің дамуын анықтайтын негізгі тренді партия құрылысы процестерінің белсенуі және елдің саяси өміріндегі парламент рөлінің артуы болатыны айқын болды. Бұған Ұлттық сенім кеңесінің платформасында әзірленген және Президент Қ.К.Тоқаев тарапынан қолдау тапқан саяси реформалар пакеті де ықпал етті, – дейді Зарема Кәукенқызы.

Ол бұл жағдайға бірнеше себептің түрткі болғанын айтады.

Біріншіден, әңгіме саяси партияларды тіркеу үшін талап етілетін шекті екі есеге – 40-тан 20 мың адамға дейін төмендету туралы болып отыр. Әрине, бұл жаңалық партия құрылысы процестерін жандандырады, әр түрлі қоғамдық-саяси топтардың мүдделерін көрсететін жаңа партиялық жобалар пайда болады, – дейді саяси институт директоры. 

Сонымен қатар, ол партиялық-саяси алаңды жаңартуға бағытталған тағы бір маңызды шара – парламенттік оппозицияның мәртебесін көтеру екенін айтты. 

Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізу арқылы оны институттандыру болды. Сонымен, Президенттің партиялық тізімдегі әйелдер мен жастарға арналған 30%-дық квота біздің саяси жүйемізді барынша инклюзивті етеді және әйелдердің билік өкілетті органдарына және заң шығару процестеріне қатысуын едәуір арттырады. Жастар квотасы өз кезегінде депутаттық корпусты белгілі бір деңгейде жасартуға мүмкіндік береді, – дейді Зарема Шаукенова. 

Оның ойынша, Мемлекет басшысының үндеуі және парламенттік сайлау күнін қатаң белгіленген конституциялық мерзімде тағайындау – бұл саяси жаңғырту, көппартиялы жүйені дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтық қатысуды кеңейту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың дәйекті іс-қимылдарының жарқын дәлелі. 

Яғни, сайлау науқаны басталған сәттен бастап, оның ерекшелігі мен басты айырмашылығы ретінде сайлауды қатаң түрде елдің заңдарында белгіленген мерзімде тағайындау, оны қоғамның барлық топтарының мүдделерін ескеретін жаңартылған сайлау заңнамасы шеңберінде өткізу, бұл процеске әйелдер мен жастарды көбірек тарту, азаматтардың жауапты және белсенді қатысуы деп сеніммен айта аламыз, – дейді саясаттанушы.

Өзгелердің жаңалығы