Әйел "УЗИ" тексерісі кезінде бірден 9 балаға жүкті екенін анықтады

Жоспарлы ультрадыбыстық тексеру кезінде жүкті әйел бірден тоғыз бала көтеріп жүргенін білген, деп хабарлайды BAQ.KZ Al Arabiya-ға сілтеме жасап.

 pixabay.com 19 Қараша 2025 2025, 18:28
19 Қараша 2025 2025, 18:28
795
Фото: pixabay.com

Мысырда жоспарлы ультрадыбыстық тексеру кезінде жүкті әйел бірден тоғыз бала көтеріп жүргенін білген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Al Arabiya-ға сілтеме жасап. 

Al Arabiya басылымының хабарлауынша, бұл ерекше жағдай әйелдің бала көтеруді ынталандыратын дәрілерді дәрігердің бақылауынсыз қолдануынан болуы мүмкін.

Дәрігерлер болашақ ана жүктілікке ұсынылған препараттарды тиісті дозасынан көп қабылдаса, ұрықтанатын жасушалардың саны артуы ықтимал екенін айтады.

Әзірге әйелдің барлық эмбриондарды сақтап қалғысы келетіні немесе келмейтіні белгісіз. 

Гинекологтар заманауи медицинаның көмегімен ұрықтанған жұмыртқалардың санын азайтуға болатынын, бұл ананың денсаулығына қауіпті төмендетіп, қалған сәбилердің дамуына қолайлы жағдай жасайтынын ескертеді.

Наверх