Жол апатынан зардап шеккен әйел санавиациямен елордаға жеткізілді

15 Қараша 2019, 14:20
5850
Бөлісу:
Жол апатынан зардап шеккен әйел санавиациямен елордаға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қарашада санитариялық авиация күшімен Қостанай қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр омыртқа жарақатын алған 1940 жылы туған әйел тасымалданды.

Бұған дейін пациент Қостанай қалалық ауруханасына емдеуге жатқызылған. Алайда, пациентке жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қажеттілігіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында емдеуді жалғастыру туралы шешім қабылданды.

14 қарашада тасымалдаудың барлық кезеңдерінде пациенттің қауіпсіздігімен қатар жайлылығын қамтамасыз еткен санитариялық авиацияның тәжірибелі мобильді бригадасының бақылауымен сәтті орындалды. Қазіргі уақытта пациент Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты мамандарының бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алуда, - делінген хабарламада.

Мұндай тасымалдаулар еліміздің өңірлерінде тұратын пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуде қол жетімділікті арттыру жөніндегі шаралардың жарқын үлгісі болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы