Ел аумағының батыс бөлігінде төмен қысымның әсеріне байланысты тұрақсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сондай-ақ, фронтальды бөлімдердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қар, жаяу бұрқасын болады.
29-30 наурызда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағаймен жаңбыр жауады.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады деп болжануда.
30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 аяз-5 болады.