Айдос Сырым «Баспасөз картасы» туралы пікірімен бөлісті

30 Қараша 2023, 13:00
780
Бөлісу:
Айдос Сырым «Баспасөз картасы» туралы пікірімен бөлісті
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжілістің жалпы отырысында «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым заң жобасының жұмыс тобы мүшелері Алматы қаласына барып, медиа құрылтай аясында арнайы көшпелі отырыс өткенін айтты.

Қоғамдық палатаның отырысына танымал журналистер, медиа саласының майталмандары қатысып, заң жобасына қатысты пікірлерін ортаға салып, нақты ұсыныс берді. Бұл ұсыныстардың дүйім көпшілігі палатаның заң жобасына қатысты ресми ұсынымдарына еніп, Мәжілістің барша депутаттарына таратылады. Дегенмен аманатқа қиянат болмасын деген ниетпен журналист қауымның нақты бір сұрағын өзіңізге қойғым келіп отыр. Медиа қауымдастық өкілдері Үкімет ұсынған заң жобасындағы «баспасөз картасына» қатысты наразылықтарын ашық айтып отыр. Журналистердің айтуынша, бұл норма журналистерді алалауға, бөлуге алып келуі ықтимал, - деді депутат.

Оның айтуына қарағанда, журналистер арасында теңсіздік тудырып, шектеуі мүмкін. Қоғамдық палата мүшелері де «баспасөз картасы» журналистердің мүмкіндігін шектеп, еркіндігі мен ақпарат алу мүмкіндігін шектейтін норма деп отыр.

Біз «AMANAT» фракциясы бұл нормаға үзілді-кесілді қарсымыз. Мұндай қитұрқы форматтағы шектеу нормаларын енгізуді қою керек деп санаймыз. Осыған орай Мәжілістегі AMANAT фракциясының депутаттары өз алаңдаушылығын білдіріп, оны алып тастау туралы өзгерістер ұсынған болатын. Нақты сұрағым, осы нормаға салалық министр ретінде ұстанымыңыз қандай? AMANAT депутаттары мен журналистер қауымының ұстанымын қолдайсыз ба?, - деп Айдос Сарым министрге сұрақ қойды.

Министр Аида Балаева бұл тармақ журналистердің ешбір құқығын бұзбайтынын айтты.

Себебі министрліктің 2024 жылғы жоспарында медиа саласында барлық мәселені реттеу үшін медиа-платформа жасақтап, оны қосуды қарастырып отырмыз. Ол БАҚ-тың есепке тұруы, есептен шығуы, газет-журналдардың түп негізін сақтау, соның ішінде аккредитация мәселесін автоматтандыру болатын. Сол тұрғыда ол мәселені де автоматтандырып, цифрландырып, журналистердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған норма болатын. Өзіңіз айтып отырсыз, заң жобасының ең қызу талқыға түсіп, депутаттық корпус пен журналистік қауымды да екіге бөлген болғандықтан, екінші оқылымға дейін жан-жақты қарап, бір мәселеге келуге болады. Заң жобасы журналистердің мүддесі мен мәртбесін арттыруға бағытталған. Біз оны бірге қарайық, - деді Аида Балаева.

Өзгелердің жаңалығы