Айдос Сарым Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы қақтығыс себептерін атады

28 Қаңтар 2022, 12:13
3454
Бөлісу:
Айдос Сарым Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы қақтығыс себептерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тамыры мен тағдыры бір елдердің қақтығысы бүкіл аймақтағы мемлекеттерге сызат түсіреді.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы саяси ахуал туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым пікір білдірді.

Екі ел арасындағы шиеленісудің басты себебі - шекара мәселесінің анықталмағандығы. Қырғызстан мен Тәжікстан елдері арасында көптеген шекара учаскелері қаншама жыл өтсе де бір келісімге келмеген. Сондай-ақ бір мемлекет ішінде екінші елдің азаматтарының болуы. Екі елдің ішінде де қырғыз не тәжік азаматтары бар, олардың өз мемлекетімен қарым-қатынасы, тұрақты жұмыс орындары бар, бұл айналып келгенде саяси проблемаға айналды, - деді саясаттанушы.

Айдос Сарымның  атап өтуінше, Қызғызстан мен Тәжікстан арасындағы ушыққан мәселенің бірі - су проблемасы.

Бұл елдерде су мәселесінің бары бәрімізге мәлім. Оның тұрақты шешілмеуі осындай конфликтке әкеліп отыр. Менің ойымша, бұған түбегейлі шешім қажет. Және қазіргі таңда ешбір елдің саяси элитасы екі ел арасындағы мәселені шешуде белсенділігі жоқ. Сол себепті  маңайындағы мемлекеттердің қандай да өте күрделі шешімге баруға құлқыны  жоқ. Ешбір ел мына елдің жағдайын ымыраға келтірейік дейтін мүмкіндігі болмай отыр, - деді Айдос Сарым.

Сарапшының сөзінше, егер саяси қақтығыс жалғаса беретін болса салдары Қазақстанға да тиюі мүмкін.

Екі елдің ішінде де патриоттары мен басшылары бар. Осыдан пайда көріп жүрген криминалды топтар да болуы мүмкін. Бұл шиеленісу ерте ме, кеш пе ұзақмерзімді әскери қақтығысқа апаруы да ғажап емес. Осыған дейінгінің бәрін жанжал деп келдік. Алайда болашақта үлкен соғысқа да баруы мүмкін. Қазір кез келген форматты пайдаланып, екі елдің арасындағы мәселені түбегейлі шешуге күш салу керек. Қырғызстан мен Тәжікстанның элиталарын нақты саяси ымыраға шақыру қажет. Біз жағдайдың бір күннің ішінде өзгере салатынын байқап отырмыз, - деді Парламент Мәжілісінің депутаты. 

Өзгелердің жаңалығы