Айдос Сарым: Халықтың нақты проблемаларын біз ғана шеше аламыз

10 Наурыз 2023, 21:14
2165
Бөлісу:
Айдос Сарым: Халықтың нақты  проблемаларын біз ғана шеше аламыз
Фото: turkystan.kz

Бұл туралы Amanat партиясының мүшесі Айдос Сарым КТК телеарнасының тікелей эфирінде өтіп жатқан саяси партиялар арасындағы пікірсайыс кешінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің бағдарлама халықпен бірге жазылды. Біз адамдардың нақты проблемаларын білеміз және оларды біз ғана шеше аламыз. Елде тәртіп орнатып, әлеуметтік әділдікті шешеміз. Заңсыз шығарылған капиталды қайтаруға қол жеткіземіз. Сыбайлас жемқорлықпен, олигополиямен, латифундистермен күресті күшейтеміз. Әр отбасының, әр қазақстандықтың табысының артуы үшін күресеміз, - деп атап өтті Айдос Сарым теледебатта. 

Сонымен қатар ол жаңа саяси кодексті қабылдаймыз деп отыр. 

Зейнетақы мен аға буын өкілдерінің базалық зейнетақысын көбейтеміз. Зияны көп жұмыс жағдайында қызмет ететін жұмысшылардың зейнетке ерте шығу мәселесін қолға аламыз. Мұғалімдер мен дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлер мен әскери қызметшілердің жалақысын көбейтеміз. 2 мыңдай азаматқа берілетін әлеуметтік көмекті екі есеге арттырамыз. 1 млн-нан астам оқушыға мектеп саламыз. 7,5 мыңнан астам адамға тұрғын үй тұрғызамыз. 1,5 млн азаматты тұрақты жұмыспен қамтимыз. Жаңа Салық кодексін қабылдаймыз. Ауылды көркейтуге 1 трлн теңге бағыттаймыз. Аграрлық секторда 100 инвестициялық жобаны іске асыра отырып, оған 1,5 млрд доллар бағыттаймыз. «Жер Аманаты» жобасын жалғастырып, мемлекетке тағы да 5 млн гектар жерді қайтарамыз, - деді Айдос Сарым. 

Өзгелердің жаңалығы