Айдос Ербосынұлы рингке қашан оралатынын айтты

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) рингке қашан оралатынын мәлімдеді.</h4>

14 Наурыз 2021 2021, 06:23
АВТОР
 14 Наурыз 2021 2021, 06:23
14 Наурыз 2021 2021, 06:23
1810

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) рингке қашан оралатынын мәлімдеді.

Ол келесі жекпе-жегін 28 наурызда Квебекте (Канада) өткізеді. Ербосынұлының қарсыласы канадалық Тим Кронин (12-5-2, 3 КО) болады, ал қазақстандық WBC Asia, WBA International және WBO Global-ға тиесілі супер орта салмақтағы барлық үш чемпиондық белбеу үшін күреседі.

Жекпе-жек он раундқа есептелген.

Соңғы өткізген жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы желтоқсан айында ганалық боксшы Исса Самирмен (19-1, 16 КО) рингке шығып, оны үшінші раундта нокаутқа жіберді. Сол жекпе-жекте Ербосынұлы өзінің барлық үш титулын сәтті қорғап шыққан болатын.

Наверх