Айдар Сейітқазинов: Ерлікпен пара-пар еңбек еткен медицина мамандары үстемеақы алды

10 Сәуір 2020, 14:19
2211
Бөлісу:
Айдар Сейітқазинов: Ерлікпен пара-пар еңбек еткен медицина мамандары үстемеақы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бұл жағдайға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрақты түрде талдау жасап отырады, деп хабарлады қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Елорда аумағында  коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы 5 денсаулық сақтау ұйымымен (оның ішінде 169, 6 мың теңге сомасына жедел жәрдем станциясы да бар) 1 672, 7 мың теңге сомасына шарт жасады. Бұл шара COVID-19 короновирусымен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қолдау, COVID-19 короновирусына шалдыққан науқастарды емдеп, қауіпті жағдайда көрсеткен қызметтеріне қосымша ақы төлеу мақсатында қолға алынып отыр.

"2020 жылдың 8 сәуірдегі жағдайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 денсаулық сақтау ұйымына КВИ бойынша 535, 7 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем жүргізілді.
Медициналық қызметкерлерге ай сайын қосымша ақы төлеу үшін, денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының ұсынуы бойынша COVID-19 короновирусымен күрес аясында жұмысқа тартылған қызметкерлерге төленетін үстемеақы мөлшері туралы ақпаратты медициналық сақтандыру қорына жергілікті атқарушы орган жанынан құрылған арнайы комиссия береді. Яғни, қор қаржылық оператор  ретінде, медициналық мекемелерге қаражат аударады, - дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің "COVID-19 коронавирусымен күресу шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 4 сәуірдегі №ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың 1 наурызынан бастап, қызметкердің есепке алынған жұмыс уақытының деректері (бірақ жұмыс уақытының бір айлық балансынан аспайды) негізінде, COVID-19 короновирусымен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлерге үстемеақы ай сайын төленеді.  

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры үстемеақы төлеуді "Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығымен бекітілген  Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

Жалпы, бұл жағдайға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрақты түрде талдау жасап отырады. Қордың қызмет жеткізушілерін – медициналық ұйымдарды қаржыландыру тоқтамайды – тиісті кесте бойынша жүргізіледі. Қандай да бір өзгерістер туралы тез арада ақпараттандырып отырады.  
 
Ал, қала тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарын 1406 операторларына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жолдауына болады.




Өзгелердің жаңалығы