Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық дзюдоист Айдар Арапов қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Арапов Тәжікстан спортшысы Мухамеджон Абдуджалилзаданы айқын басымдықпен ұтты.
Еске сала кетейік, 7 қарашада Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазақстан атынан бұл жарысқа 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Сауд Арабиясы бұл беделді спорттық шараны алғаш рет қабылдап отырған жоқ. Бұған дейін ойындар Меккеде (2005), Палембангте (2013), Бакуде (2017) және Коньяда (2021) ұйымдастырылған.
Бұған дейін дзюдошылар Мәди Амангелді, Шерзод Давлатов және Ержан Еркенқайыпов ел қоржынына күміс медаль салған еді.