Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Айбоз» ұлттық тұңғыш әдеби сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды деп хабарлайды BAQ.KZ.
«ҮЗДІК ПОЭЗИЯ» номинациясы бойынша «Жұмбақ арал» поэмасы – Батырхан Сарсенхан;
«ҮЗДІК ПРОЗА» номинациясы бойынша «Тырнақ» әңгімесі – Айгүл Кемелбаева;
«ҮЗДІК ДРАМАТУРГИЯ» номинациясы бойынша «Мың мен жалғыз...» пьесасы – Талғат Теменов;
«ҮЗДІК АУДАРМА» номинациясы бойынша Стефан Цвейгтің «Амок», «Бақилық ағаның көз жасы» новеллалары – Кенжебай Ахметов;
«ҮЗДІК БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ» номинациясы бойынша «Іздер құпиясы» детективтік романы – Бекен Ыбырайым;
«ҮЗДІК КОМИКС» номинациясы бойынша «Жетпіс палуан» комиксі – Жантас Набиоллаұлы;
«ҮЗДІК КІТАП ДИЗАЙНЫ» номинациясы бойынша «Кенесары хан уа сұлтан Сыдық» – «AmalBooks» баспасы