Айбота Ертайқызы Будапештте бес медаль жеңіп алды

30 Тамыз 2022, 12:40
1621
Бөлісу:
Айбота Ертайқызы Будапештте бес медаль жеңіп алды

27-28 тамызда Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен көркем гимнастикадан Gracia Fair CUP турнирінде қазақстандық спортшы Айбота Ертайқызы бірден бес медальді иеленді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұршықпен болған сайыста алтын медаль тақты. Баумен орындаған жаттығуда және көпсайыста екінші орын алды. Доппен және шеңбермен болған сында күміс пен қола медальді қанжығасына байлады. 

Венгриядағы жарысқа қатысқан тағы бір қазақстандық спортшы Дильназ Байленова доппен жаттығуда үздік үштікке енді. 

Айта кетейік, Айбота Ертайқызы командаласы Эльжана Таниевамен бірге Ресейдегі Ирина Винер академиясында жаттығады. 

Өзгелердің жаңалығы