Елордада кеше басталған Astana Media Week жалғасып жатыр. Биыл тоғызыншы рет өтіп жатқан медиа апталыққа журналистер ғана емес, баспасөз хатшылары мен PR-мамандар да қатысып жатыр. Осыған орай, Astana Media Week алаңында құрылған BAQ.KZ көшпелі студиясында ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми өкілі Айбек Смадияровпен сұхбаттастық.
Сенім дағдарысы деген не? Қазақстанда баспасөз хатшылары БАҚ пен өздері қызмет ететін ұйым арасындағы “көпір” болып жүр ме? Баспасөз хатшылары неліктен министр ауысқанда қызметінен кетеді? Олардың ведомстводағы орны қандай? Айбек Смадияровтың 8 жыл бойы бір қызметте, 5 министрмен жұмыс істеуінің сыры неде? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын трансляциядан көре аласыздар.