Ислам ынтымақтастығы ойындарында 200 метр брасс бойынша жүзу сайысында Айбат Мырзамұратов іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол 2 минут 20,50 секундта нәтиже көрсетіп, финалға өту мүмкіндігіне ие болды.
Еске салайық, 7 қарашада Эр-Рияд қаласында VI Ислам ынтымақтастық ойындарының ашылу салтанаты өтті.
Биылғы додаға әлемнің 57 елінен 3000-нан астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасынан 15 спорт түрінен 98 спортшы бақ сынауда.
Сауд Арабиясы Ислам ынтымақтастық ойындарының алтыншы турнирін қабылдап отыр. Бұған дейін бұл ірі спорттық форум Мекке (2005), Палембанг (2013), Баку (2017), Конья (2021) қалаларында өткен.