Оңтүстік циклоны аязды ысырып тастайды – синоптиктер
28 Қаңтар 2019, 12:42
2241
Бөлісу:
Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 29-31 қаңтарға арналған болжамын ұсынды.
"Қаңтардан ауа райына елеулі өзгерістер енгізбейтін не бәрі үш күн ғана қалды. Әдеттегідей қатты аяз тез жылумен және керісінше ауысатын болады. Алдағы тәулікте 35 градустық аяздар суық антициклонмен бірге шығысқа қарай ығысып, Қазақстанға Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон ығысады. Солтүстік-шығысқа қарай ығысу барысында циклонмен жылбысқы қар, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында көктайғақ және тұман, солтүстік, шығыс және орталықта қар, бұрқасын, күшті оңтүстік-батыс желі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі", - делінген хабарламада.