Аязда баласын суық қораға қамаған әйел ата-ана құқығынан айырылды

31 Қаңтар 2024, 17:04
1311
Бөлісу:
Аязда баласын суық қораға қамаған әйел ата-ана құқығынан айырылды
Фото: pixabay.com

Талдықорғанда баласына жәбір көрсеткен әйел ана құқығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың сөзінше, өз анасы тәрбиелеймін деп суық қораға қамалған баланың көпшілікті шулатқан оқиғасы жалғасын тапты.

Күні кеше Жетісу ауданының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының отырысы өтіп, салдарынан әйел 2014 жылы туған ұлына қатысты ата-ана құқығынан айырылды. Сондай-ақ Талдықорған қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен абайсызда баласының денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту берілді, - деді ол.

Белгілі болғандай, сот отбасының әкесін де ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдаған. Қазір бала қорғаншылық органдарына берілді. 

Еске салсақ уәкілдің Жетісу өңірі бойынша өкілі кәмелетке толмаған баланың құқықтарының бұзылғаны туралы шағым түсіргеннен кейін комиссия құрып, ана мен екі баланың антисанитариялық жағдайда өмір сүріп жатқанын анықтаған болатын. Жауапсыз әйел алкогольдік ішімдіктерді пайдаланғанын және балаларды қорлағанын мойындады. Қамқоршылық және қорғаншылық органдары Жетісу облысы бойынша АҚУ өкілінің бастамасымен Жетісу облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына тиісті талап арызын жолдады.

Өзгелердің жаңалығы