«Қазгидромет» РМК бүгін, 27 ақпанда 14 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты дауыл туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысы: оңтүстік, шығыс және таулы аудандарда қалың қар, көктайғақ, кейде тұман.
Жамбыл облысы: таулы аймақтарда қар мен боран, тұман; жел 15-25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы: солтүстік пен оңтүстікте тұман; түнде -41°С қатты аяз күтіледі.
Абай облысы: шығыс, оңтүстік-батыс аймақтарда қарлы боран; жел 15-20 м/с.
Ұлытау облысы: солтүстік, шығыс, оңтүстік аймақтарда тұман; жел 15-20 м/с.
Маңғыстау облысы: батыс, солтүстік, орталықта жел 15-25 м/с.
Ақтөбе облысы: солтүстік және шығысында тұман; жел 15-18 м/с.
Қарағанды облысы: оңтүстік бөлігінде қар мен боран, солтүстік пен шығыста тұман; түнде -35°С аяз, жел 15-20 м/с.
Алматы облысы: таулы аудандарда қар, кейде боран; тұман, көктайғақ; жел 15-20 м/с.
Қызылорда облысы: орталық және солтүстікте төмен қарлы боран, кейде тұман; жел 15-20 м/с.
Түркістан облысы: таулы аудандарда қар мен жаңбыр, кейде тұман; жел 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы: солтүстік және шығысында аздаған қар, төмен қарлы боран; жел 15-20 м/с.
Қостанай облысы: оңтүстік және шығысында тұман.
Батыс Қазақстан облысы: батыс және оңтүстігінде тұман.
Мамандар жолда және далада жүретін азаматтарға абай болуды, ауа райының өзгеруін қадағалауды және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.