Аяз, қар: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Бүгін антициклон әсерінен елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз, күн ашық болады.

 freepik 25 Сәуір 2025 2025, 07:12
25 Сәуір 2025 2025, 07:12
1227
Фото: freepik

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін антициклон әсерінен елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Басқа аймақтарда атмосфералық фронтальды жүйелердің ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Батыс пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Павлодар облысының шығысы, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысы, Абай облысының орталығында түнде -3°C дейін аяз болады.

Сонымен қатар, Түркістан облысының батысы мен шөлді аудандарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Атырау қаласының орталығында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының оңтүстік және солтүстік-шығыс бөліктерінде өрт қаупі жоғары.

Наверх