Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салықтық рақымшылық шеңберінде бюджетке негізгі борышты төлеген жеке тұлғалар бойынша 568 446 өсімпұл есептен шығарылды. Олар жыл басынан бастап 12,843 млрд теңге мөлшеріндегі негізгі берешегін және 2,343 млрд теңге сомасындағы өсімпұлды өтеген.
2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берешегі бар және берешектің негізгі сомасын өтеу шартымен өсімпұлды есептен шығару бойынша акцияны пайдалану мүмкіндігі бар жеке тұлғалардың саны шамамен 1,4 млн адам болатын. Олардың 13,9 млрд теңге негізгі борышы және осы бойынша берешек сомасы 6,3 млрд теңгеге өсім сомасы бар болатын. Яғни барлық берешек 20,2 млрд теңге.
2019 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша жыл басынан бері 12,843 млрд теңге мөлшерінде негізгі борыш сомасы төленген. Сонымен қатар 2,343 млрд теңге сомасына өсімпұл есептен шығарылған 568 446 жеке тұлғаның өсімпұлы есептелді.
Өңірлер тұрғысынан өсімпұлы ең көп Алматы қаласы – 97 430 жеке тұлға, Түркістан облысы – 66 731 жеке тұлға және Шымкент қаласы – 46 917 жеке тұлға.
Ал ең аз берешегі бар өңір Атырау облысы – 15 253 адам, Қызылорда облысы – 14 466 және ШҚО – 13 102 адам қарыз.
Өсімақының ең көп сомасы Алматы қаласы бойынша – 1015,9 млн теңге, Павлодар облысы бойынша – 179,9 млн теңге, Алматы облысы бойынша – 139,7 млн теңге есептен шығарылды.
Ең аз өсім сомасы Ақтөбе облысы бойынша – 41,3 млн теңге, Қостанай облысы – 38,7 млн теңге, ШҚО – 36,7 млн теңге есептелінді.
Мемлекеттік кіріс органдарының БАҚ үлгі-насихат жұмыстары, өңірлерде және орталық деңгейде "салықтық рақымшылық" акциясы бойынша семинарлар жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, жыл соңына дейін салық бойынша берешектерді төлеу қажет. Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігін мына сілтеме бойынша біле алады.