Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Аян Тұрсын Ислам ынтымақтастығы ойындарының ширек финалына өтті

15 Қараша 2025, 16:48
318
Бөлісу:
 ҰОК/Тұрар Қазанғапов
Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық спортшы Аян Тұрсын Ислам ынтымақтастығы ойындарында өткен ушу жарыстарында сәтті өнер көрсетті,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

1/8 финалда жергілікті спортшы Сарах Абдулжабадпен кездескен ол 56 келіге дейінгі салмақта айқын жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Еске салайық, 7 қараша күні Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазақстан құрамасы бұл халықаралық додаға 100-ден астам спортшымен қатысып жатыр.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы Ислам ынтымақтастығы ойындарын алтыншы рет өткізіп отыр. Бұған дейін бұл ірі спорттық шара Меккеде (2005), Палембангте (2013), Баку қаласында (2017) және Коньяда (2021) ұйымдастырылған.

Өзгелердің жаңалығы