Аялдаманы бүлдірген астаналық 15 тәулікке қамалды

13 Қыркүйек 2024, 19:39
394
Бөлісу:
Аялдаманы бүлдірген астаналық 15 тәулікке қамалды
Фото: скриншот

Астаналық азамат аялдамаға зақым келтіргені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 арнасына белгісіз ер адамның Ақжол даңғылында орналасқан аялдамаға зақым келтіргені туралы ақпарат келіп түсті. 

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 47 жастағы ер адамды ұстады. Ол бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімі бойынша ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, - делінген ведомство хабарламасында.

Астана полицейлері азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзғаны және бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін жауапкершілік туралы еске салады.

Қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырамыз, - деп ескертті тәртіп сақшылары.

Өзгелердің жаңалығы