Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Аялдамада тұрған: Алматыда екі адамды көлік қағып кетті

3 Қазан 2025, 23:50
754
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

Алматыда "Газель" көлігі аялдамаға соғылып, автобус күтіп тұрған екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

КТК телеарнасының хабарлауынша, зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілген.

"Газель" жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолаушылар тұрған бекетке барып соғылған.

Куәгерлердің айтуынша, қатты соққыдан бойжеткендердің бірі аялдаманың шыны қабырғасын жарып өтіп, бірнеше метрге ұшып кеткен.

Қазір ол қыз да, зардап шеккен екінші адам да ауруханада. Ал полицейлер жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті.

Өзгелердің жаңалығы