Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Аяғы жұлынып қалған: Маңғыстауда ер адамды пойыз қағып кетті

4 Наурыз 2025, 08:30
963
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Маңғыстауда ер адамды пойыз қағып кетіп, күрделі жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазақстан темір жолы" таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға 28 ақпанда Боранқұл станциясында болған. Оқиғаның алдын ала себебі – теміржолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өту.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан қорқынышты кадрлар тарады. Ер адам Бейнеу станциясындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.

Ұлттық компания теміржол – жоғары қауіптілікке ие аймақ екендігін ескертеді.

2024 жылы елде теміржолмен байланысты 75 апатты жағдай тіркелген. Оқиғалардың негізгі себебі – теміржол арқылы өту ережелерін бұзу, ішімдікке мас болу, теміржол арқылы құлаққап киіп өту және суицид жағдайлары.

Өзгелердің жаңалығы