Аяғымен лифт шақырған фельдшерге айыппұл салынды

2 Ақпан 2022, 21:43
1400
Бөлісу:
Аяғымен лифт шақырған фельдшерге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лифтіні аяғымен шақырған фельшерге айыппұл салынды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желіде «Ақ дидар» тұрғын үй кешенінде жедел жәрдем қызметкерінің киімін киген ер адамның лифт панелін аяғымен басып шақырып жатқан видеосы тараған болатын. Жүргізілген мониторинг барысында медқызметкердің кім екені анықталды.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы факті бойынша полицейлер 24 жастағы фельдшерді анықтады.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен тәртіп бұзушыға 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы тұрғын үй-жайларды қорлау және басқаларға құрметсіздік білдіретін және қоғамдық тәртіпті бұзатын осыған ұқсас әрекеттер үшін жауапкершілікті ескертеді.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕК 3 063 теңгеге тең.

Өзгелердің жаңалығы