Аягөзде жылу беру жүйесі қалпына келтірілді

17 Қазан 2024, 11:19
1293
Бөлісу:
Аягөзде жылу беру жүйесі қалпына келтірілді
Фото: Артём Чурсинов -архив

Энергетикалық бақылау комитеті Аягөздегі жылу беру жағдайын бақылауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

16 қазан күні шамамен 23:00-де Аягөзде жылу желісін қалпына келтіру жөніндегі жөндеу жұмыстары аяқталды. Осы сәттен бастап температураның біртіндеп көтерілуі басталды, ал таңертең ол 50 градусқа жетті. Абай облысы бойынша Энергетикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменті жағдайды бақылауда ұстап отыр, жағдай тұрақты, - деді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 16 қазанда сағат 15:00 шамасында Аягөз қаласының тұрғындары жылусыз қалып, шағым айтқан еді. Әкімдіктің «Д159 ысырмасының істен шығып қалуы» себеп болған. Бірақ қазандықтар жұмысын тоқтатқан жоқ.

Сонымен қатар Қарағанды облысының Саран қаласы жылу маусымына дайын болмай шыққаны туралы жазған болатынбыз. Сонымен қатар Олжас Бектенов Саран қаласында қазандықтың дайын екенін айтып, жалған ақпарат бергендер жауапкершілікке тартылатынын айтқан еді

Ал бүгін Сарандағы барлық үйлер мен әлеуметтік нысандар жылуға қосылғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы