Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел тұрғындары тарапынан болған сынға байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директорын қызметінен босату туралы шешім қабылдауға ұсыныс берілді.
Бүл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қоғам төрағасының орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.
Сонымен қатар, жолдарды күтіп ұстау сапасын тиісінше бақыламағаны үшін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК өңірлік филиал басшысына қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.
Бүгінгі таңда бетон плиталарының көтерілуіне жол бермеу мақсатында плиталардың жылжуына арналған технологиялық тігістерді дереу тазарту шаралары қабылданды. Сондай-ақ, микросюрфейсинг төсеу жұмыстарын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұдан бөлек, кеңейтудің температуралық тігістерін күнделікті патрульдеу ұйымдастырылды.
Айта кету керек, аталған мәселе ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің ерекше бақылауында. Плиталардың өзгерген орындарында талдау жүргізілді. Соның негізінде тиісті бұйрықтар берілді. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты - мұндай фактілердің қайталануына жол бермеу.