Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Автомектептер көрсеткен қызметтер көлемі 54% өсті

5 Желтоқсан 2024, 14:50
537
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

2024 жылдың III тоқсанында жүргізушілерді даярлау мектептері 765 млн теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54% артық.

Осы сомадан халыққа 589 млн теңгеге, кәсіпорындарға - 115 млн теңгеге, бюджет есебінен - 60 млн теңгеге қызмет көрсетілді.

Өңірлер бөлінісінде қызметтердің ең көп көлемі Қарағанды облысында (131,9 млн теңге), БҚО-да (86,2 млн теңге) және Астана қаласында (77 млн теңге) тіркелді.

Қызметтердің ең аз көлемі Қызылорда облысында көрсетілген, ондағы сома 4,1 млн теңгені құрады.

Өзгелердің жаңалығы