World Robot Olympiad халықаралық олимпиадасына қатысушылардың қатарында көмірқышқыл газын сіңіргіш жоба таныстырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Олимпиадада жас ғалымдардың ғаламдық мәселелерін шешуге арналған жобалары қойылды.
Бұл - автоматтандырылған көмірқышқыл газын сіңіргіш жоба. Жаһандық жылыну қазіргі уақытта ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ал біздің өнеркәсіптік газ сіңіргішіміз бұл мәселені шеше алады. Мәселен, мұнда үш сүзгі қолданылады. Олар өнеркәсіптік газдардың тиімді сіңіргішімен натрий гидроксидін сіңіреді. Сондай-ақ ылғалдылық деңгейін бақылайтын ылғалдылық сенсорлары да бар. Сорғылар бар. Егер сіңіргіштердегі ылғалдылық деңгейі жеткіліксіз болса, онда ылғалдылық сенсорларынан сорғыларға сигнал жіберіледі, сорғылар жұмыс істей бастайды және натрий гидроксиді беріледі. Осылайша, сіңіргіштер барлық өнеркәсіптік газдарды атмосфераға шығармай сіңіреді, - деді Әбенова Томирис.
Ол сондай-ақ бұл жобаны жасауға қанша уақыт кеткендігін, кімдермен жасағанын айтып берді.
Бұл жобаны жасауға екі жылдай уақыт кетті. Екі қыз болып бірігіп жасағанбыз. Құрбым қазіргі таңда АҚШ-та. Бұл жоба "Дарынға" қатысқан еді. Енді сол жобамен осы байқауға қатысуды жөн көрдік, себебі ол тақырыпқа сай келеді, - деді байқауға қатысушы.