АвтоХҚКО-лардағы ақау жойылды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы бойынша автоХҚКО-дағы техникалық ақау жойылды.</h4>

 29 Қыркүйек 2021 2021, 17:00
29 Қыркүйек 2021 2021, 17:00
1380

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы бойынша автоХҚКО-дағы техникалық ақау жойылды.

Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет МК баспасөз қызметі хабарлады.

Техникалық ақауға байланысты 29 қыркүйекте автоХҚКО-да жүргізуші куәлігін алғаш рәсімдеушілер және қосымша санат алушылар үшін мемлекеттік қызметтер уақытша қолжетімсіз болды. Қазақстандықтар жүргізуші куәлігі үшін емтихан тапсыра алмады. Қазірде ақау жойылып, жүргізуші куәлігін алу қызметі қалпына келтірілді, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін мамандандырылған ХҚКО-ларда техникалық ақау пайда болып, бірқатар қызмет көрсетілмей жатқаны хабарланған болатын.
Наверх