Автобус жүргізушілері үш күнде 700 рет ереже бұзған – ШҚО

<p> </p> <h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында «Автобус» жедел алдын алу шарасы аяқталды. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 күннің ішінде 700-ден астам автобус жүргізушісі&nbsp;әкімшілік құқық бұзған. </h4> <br> <p> </p>

 27 Қаңтар 2021 2021, 01:20
27 Қаңтар 2021 2021, 01:20
1858

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында «Автобус» жедел алдын алу шарасы аяқталды. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 күннің ішінде 700-ден астам автобус жүргізушісі әкімшілік құқық бұзған.

Оның ішінде көлік тізгінінде телефон пайдаланған  – 115, мас күйінде рөлге отырған – 1, маневр жасау ережелерін бұзған 120 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ 10 жүргізушінің жұмыс және демалыс режимін бұзғандығы анықталды. 640 қоғамдық көліктің жылу және электр жабдықтарының жай-күйі тексерілді.

«Автобус» жедел алдын алу шарасының мақсаты – қоғамдық көлік жүргізушілері арасындағы заңбұзушылықтарды анықтау және алдын алу. Осындай шаралар жол-көлік оқиғаларының азаюына да ықпал етеді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Наверх