Екі құтқарушының денесі құмнан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқару жұмыстарының барысы туралы кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штаб хабарлады.
Штабтың мәліметінше, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары қаза тапқан екі жолдасымыздың денесін құмнан тапты. Олардың денесін шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Автобус табылмады, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Еске салсақ, Павлодарда жолаушылар бар автобус шахта шұңқырына түсіп кеткен болатын. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланған еді.