Австрияда мигрант жасөспірімді жұрттың көзінше пышақтап өлтірді

16 Ақпан 2025, 16:33
593
Бөлісу:
Австрияда мигрант жасөспірімді жұрттың көзінше пышақтап өлтірді
Фото: Gerd Eggenberger/APA/AFP Gerd Eggenberger/APA/AFP

Австрияның оңтүстігіндегі Филлах қаласының орталық алаңында ер кісі пышақпен өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

CNN хабарлауынша, 14 жастағы жасөспірім қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алған. Олар ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Жаралылардың жасы 14 пен 32 жас аралығында екені белгілі болды.

Қылмыты жасаған күдіктіні полиция қызметкерлерімен ұсталды. Ол Австриядан саяси баспана сұраған және онда тұруға рұқсаты бар 23 жастағы сириялық босқын болып шықты. Полиция өкілі Райнер Дионисио оның қылмысының себебі әлі белгісіз екенін айтты.

Күдіктіні қылмысқа куәгер болған сириялық курьер ұстауға көмектескен. Ол көлікпен шабуылдаушыны қаққан.

Өзгелердің жаңалығы