Австрияның федералды канцлері Карл Нехаммер отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Мұндай мәлімдемені ол коалиция құру туралы келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін жасады. Үкімет басшысы әрі Австрияның халық партиясы төрағасы қызметін атқаратын Нехаммер социал-демократтармен және либералдармен үкімет жасақтау мәселесінде мәмілеге келе алмаған. Сонымен қатар тараптардың ел экономикасы мен салық саясатына қатысты көзқарасы да тоғыспады.
Әу баста аталған партиялар парламенттік сайлауда жеңіске жеткен әсіре оңшыл Азаматтық партиясынан басымырақ болу үшін күш біріктірмек болған. Алайда саяси ұйымдар сол күйі коалиция құра алмады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, енді Австрияда қайта сайлау өтуі мүмкін.