Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Австрия Грацтағы қайғылы оқиғадан кейін үш күндік ұлттық аза тұту жариялады

11 Маусым 2025, 04:49
614
Бөлісу:
 wikipediа
Фото: wikipediа

Сейсенбі күні Грац қаласындағы мектепте кемінде он бір адамның өмірін қиған атыс оқиғасына байланысты Австрияның федералды үкіметі үш күндік ұлттық аза тұту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ orf.at сайтына сілтеме жасап.

Маусымның 11-і мен 13-і аралығында бүкіл елде үкіметтік ғимараттар мен мекемелердегі федералдық тулар түсіріледі. Қайғылы оқиға құрбандарын аза тұту белгісі ретінде сәрсенбі, 11 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де жалпыұлттық үнсіздік минуты жарияланады.

Федералды канцлер Кристиан Стокер (ÖVP) үкімет сессияны бір минуттық үнсіздікпен бастайтынын және сол күнге жоспарланған шешімдерді кейінге қалдыратынын хабарлады.

Бүгін біздің еліміздің тарихындағы қаралы күн. Бүкіл Австрия бастан кешіп жатқан азапты сөзбен жеткізу мүмкін емес, - деді канцлер Грацтағы баспасөз мәслихатында.

Австрия президенті Александр Ван дер Беллен бұл оқиғаны «еліміздің жүрегіне жасалған соққы» деп сипаттап, қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтты.

Вице-канцлер Андреас Баблер "барлық Австрия аза тұтып жатыр" деп атап өтті, ал Сыртқы істер министрі Биат Майнл-Райзигер трагедияны «қатты таң қалдырды» деп атады.

Аза тұту белгісі ретінде барлық қоғамдық және саяси іс-шаралар тоқтатылды немесе кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, Еуропа-Форум Вачаудағы саясаткерлердің жоспарланған баяндамалары жақын күндері өтпейді.

Сағат 21:00-де жергілікті уақыт бойынша қала тұрғындары құрбандарды еске алу үшін шам жағып орталық алаңға шығуды жоспарлап отыр.

Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда. Билік алыпқашпа әңгімеден бас тартып, ресми ақпаратты күтуге шақырады.

Сейсенбі, 10 маусымда Австрияның Грац қаласындағы мектептердің бірінде атыс болды. Соңғы мәлімет бойынша, кем дегенде 11 адам қаза тапты. Атқан 21 жастағы Австрия азаматы шабуылдан кейін мектеп дәретханасында өз-өзіне қол жұмсады.

Өзгелердің жаңалығы