Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның шығыс жағалауында толассыз жауын мен дауылдан қорғану мақсатында Сидней қаласының шеткі аудандарынан мыңдаған адамға қауіпсіз жерге көшуге бұйрық берілді.
Бұл туралы ақпаратты «Хабар 24» хабарлайды.
Селдетіп құйған жаңбырдан су тасқыны басталған. Табиғат апатынан әзірге жапа шеккендер жоқ. Бірақ жергілікті билік шаһарда былтыр наурыз айында болған тасқын қайталана ма деп алаңдап отыр.
Бірқатар бөгеттерге су толып, бұзылу қауіпі күшейген.
Қоймаларда су деңгейі көтеріліп, сыртқа төгіле бастады. Өзендердің де ағысы күшейген. Сондықтан тұрғындардан барлық ескертулерге құлақ асып, барынша абай болуға шақырамын,- дейді Карлин Йорк, Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты төтенше жағдайлар жөніндегі қызметінің комиссары.