Австралия 5 млн баланың аккаунтын өшірді

Австралияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу туралы заң күшіне енгелі 5 миллионға жуық жасөспірімнің аккаунты бұғатталып, жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ашық дереккөз 17 Қаңтар 2026, 08:56
17 Қаңтар 2026, 08:56
591
Фото: ашық дереккөз

Австралияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу туралы заң күшіне енгелі 5 миллионға жуық жасөспірімнің аккаунты бұғатталып, жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл eSafety ұлттық ғаламтор-реттеушінің келтірген дерегі.

Жаңа заң әлеуметтік желілерге кәмелетке толмағандар үшін қолжетімділікті шектеуге міндеттейді. Талаптарды орындамаған платформаларға 50 млн долларға дейін айыппұл салынады. Әлемдік қауымдастық, оның ішінде Франция мен АҚШ Австралияның осы бағыттағы тәжірибесін ел ішінде пайдалануға ниетті.

Наверх