Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Гинтаус Васюлиспен және осы елдің бизнес өкілдерімен кездесті.
Кездесуде Қазақстан-Литва көлік ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқыланды. Оның ішінде ҚР Азаматтық авиация академиясы мен "Avia Solutions Group" мультисервистік авиациялық холдингі арасында оқу орталығын құру, сондай-ақ Академияны ұшқыштарды оқыту бойынша Еуропалық әуе қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) сертификатын алуға дайындау мәселелері қаралды.
ИКАО және EASA заманауи талаптарына сай келетін білікті ұшқыштарды даярлау - еліміздің авиация саласының басым міндеті. Қазіргі заманғы авиасимуляторларда олардың дағдыларын жетілдіру шұғыл жағдайларда жедел шешім қабылдауын жақсартады. Бұл ұшу қауіпсіздігіне сөзсіз оң әсер етеді, - деп атап өтті Атамқұлов.
Қазіргі уақытта Қазақстанның азаматтық авиациясында 20 мыңнан астам қызметкер, оның ішінде 1500-ге жуық ұшқыш және екі мыңнан астам инженерлік-техникалық маман жұмыс істейді. Салалық болжамдар бойынша, 2025 жылға дейін елімізге қосымша 500-дей ұшқыш, 1 мыңға тарта инженер қажет болады.
Оқи отырыңыз: