Биыл 8 наурыз әйелдер мерекесі оразаға тұспа тұс келіп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы ретте ауыз бекіткен адамға қыдыруға бола ма? Бұл сұраққа Ырыскелді қажы атындағы мешіттің имамы Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желіде жауап берді.
Жалпы қыдырған жақсы ғой. Бірақ тоқтамай қыдырымпаз болып кетпеу керек. Бір адам "ораза кезінде ұйықтауға бола ма?" деп сұрап еді. Әрине кей адамдардың тілі азар да безер. Қасындағы адамдарға зияны тиіп, олар қиыншылық көріп жатқан болса, онда ол адамның ұйықтағаны жақсы. Өйткені, сол кезде ешкімге зияны тимейді, - дейді Нұрлан имам.