Ауыр созылмалы ауруға шалдыққандар үшін паллиативтік көмекке қолжетімділік артады

6 Қараша 2024, 21:45
264
Бөлісу:
Ауыр созылмалы ауруға шалдыққандар үшін паллиативтік көмекке қолжетімділік артады
Фото: BAQ.KZ - архив

Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылдың басынан бастап осы қызметтің мүмкіндіктерін кеңейту және ауыр созылмалы аурулары бар пациенттерді қамту мақсатында паллиативтік көмекті қаржыландыруды 42%-ға ұлғайтуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі отырысында атап өтілгендей, Денсаулық сақтау министрлігі лайықты күтімді қамтамасыз ету және паллиативтік көмекке мұқтаж барлық қазақстандықтарға қолдау көрсету үшін бағдарламаларды жетілдіруді жалғастырады.

Медициналық оңалтуға келетін болсақ, медициналық көмектің бұл түрі ересектерге кардиология, кардиохирургия, невропатология, нейрохирургия, травматология, ортопедия, сондай-ақ қатерлі ісіктері бар науқастар сияқты жеті бейін бойынша көрсетіледі. Соңғы 3 жылдың ішінде оңалту төсектерінің саны екі есе, 772 денсаулық сақтау ұйымының базасында 8 мыңға дейін ұлғайды. 

Соңғы 5 жылдың ішінде ересек тұрғындардың мүгедектік құрылымы өзгеріссіз қалды. Бірінші орында қанайналым жүйесінің аурулары (26,8%), екінші орында – қатерлі ісіктер (26,2%), үшінші орында – психикалық аурулар (22,1%) тұр.

Өзгелердің жаңалығы