Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Уәлихан Бисенқұлов (9-1, 9 КО) рингке қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спортшы өзінің Инстаграм парақшасында келесі жекпе-жек 14 желтоқсанда Мәскеудегі "Крылья Советов" кешенінде өтетінін жеткізді. Қарсыласы жергілікті боксшы Иван Аратский болады (0-3).
24 шілдеде Мәскеуде өткен алдыңғы жекпе-жегінде Бисенқұлов үшінші раундта ресейлік Артуш Саргсянға (6-7, 4 КО) нокаутпен ұтылып, мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Аратскийге келетін болсақ, ол соңғы рет 27 ақпанда Ақтөбеде рингке шыкты. Бірінші раундта Еділ Қожамбердіден нокаутпен ұтылды (9-2, 9 КО).