Еліміздің құқық қорғау органдары меценат және A class Medical компаниясының директоры Азамат Доланбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының HALYQSTAN телеграм арнасына берген ақпаратына сүйенсек, Доланбаев «ауыр қылмыс жасады» деген күдікке ілінген.
Медеу аудандық полиция басқармасы азамат Д.-ны адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша іздестіріп жатыр. Оған іздеу жарияланды. Сот 2 ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялады. Күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша кешенді жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабалады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Азамат Доланбаев А class Medical компаниясының директоры және меценат ретінде көрсетілген.