Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтпейді

18 Ақпан 2020, 07:49
1311
Бөлісу:
Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда өтпейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты коронавирустың өршуіне байланысты Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) мәліметіне сай "Р-Спорт" агенттігі хабарлады.

Федерация хабарына қарағанда, бұған дейін коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан Үкіметі Қытаймен шектесетін елдерден жолаушыларға кіруді және шығуды шектеген. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 ақпанда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың бірде-бір оқиғасы тіркелмегенін, бірақ мемлекеттің онымен күресуге дайын екенін айтқан.

IWF атқарушы комитеті қалыптасқан жағдайды талқылап, жарысты Өзбекстанға көшіру туралы шешім қабылдады. Енді ауыр атлетикадан Азия чемпионаты 16-25 сәуірде Ташкентте өтеді.

Өзгелердің жаңалығы