Ауыр атлетикадан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Аянат Жұмағали елордада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қоссайыс нәтижесі бойынша 217 келіні (жұлқа көтеруде – 95 кг, серпе көтеруде – 122 кг) бағындырды.
Бұл көрсеткіш Аянатқа жастар санатында қола жүлдені жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Аталған салмақта алтын медальді Оңтүстік Корея спортшысы Хисо Джун иеленді – 230 кг (102+128), ал күміс өзбекстандық Гульшодахон Дадамирзаеваға бұйырды – 218 кг (96+122).
Айта кетейік, ауыр атлетикадан Азия біріншілігі Астанада өтіп жатыр және жарысқа құрлықтың 20-дан астам елінен спортшылар қатысуда. Қазақстан құрамасы үшін бұл – кезекті медаль, әрі болашағынан үміт күттіретін жастардың жоғары деңгейдегі додада өзін дәлелдеуі.