Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңке өтіп жатыр

21 Қыркүйек 2019, 09:51
1972
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңке өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанадағы «Хан Шатыр» СОО жанындағы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Ақтөбе облысының 12 ауданынан 20 тауар өндірушісі және Қызылорда облысының 7 ауданынан 70 кәсіпорын қатысады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ақтөбе және Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін 21 және 22 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесінде ұсынады.

"Еліміздің батыс аймағы елордаға 214 тонна өнімін әкеледі деп жоспарланып отыр. Еттің барлық түрі - 65 тонна, картоп пен көкөністер - 85 тонна, сүт өнімдері - 10 тонна, өсімдік майы - 5 тонна, жұмыртқа - 13 мың дана, балық - 3 тонна, бал - 0,5 тонна, шұжықтар - 5 тонна, ұн мен макарон өнімдері - 6 тонна, алкогольсіз сусындар - 6 тонна, басқа да өнімдер - 16 тонна. Ақтөбе облысының сүт өнімдері,  ұн және макарон өнімдері, шұжықтар мен ет тағамдары,  көкөністердің түр-түрі ұсынылады", - делінген ведомство хабарламасында.

Қызылорда облысы 270 тонна болатын 40-тан астам тауар түрін әкелмек: күріш - 80 тонна, сүт өнімдері - 4 тонна, балық - 16 тонна, көкөністер - 15 тонна, жемістер - 3,5 тонна, қауын-қарбыз, асқабақ - 145 тонна, ас тұзы - 10 тонна және т.б. Қызылорда өңірінің күріші, ет және балық өнімдері, сүт, бақша өнімдерін ұсынады. Жалпы, екі аймақ Нұр-Сұлтанға 484 тонна өнім әкеледі. 

Өзгелердің жаңалығы