Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды

21 Маусым 2024, 16:45
494
Бөлісу:
Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды
PHOTO

Қазақстан бойынша ауыл балаларына арналған ауқымды IQanat олимпиадасы 8 айға созылды. Бірінші кезеңге қатысқан 50 мыңнан астам оқушының ішінен ең қабілетті және ынталы 1000 бала суырылып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл балалар Алматыда ұйымдастырылған финалға қатысты. Іс-шара 15-21 маусым аралығында өтті.

1000 бала қазірдің өзінде «IQanat - Мың бала» деген атқа ие болып кетті. Бұл IQanat қамқорлығына алынатын балалардың рекордтық санын білдіреді.

Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды

IQanat - білім мен ынталандыру түрінде күшті бастапқы мүмкіндіктер беру арқылы ауыл балаларының өмір сүру деңгейін өзгерткісі келетін 150-ден астам қазақстандық кәсіпкердің әлеуметтік-білім беру жобасы. Жобаны қолдайтын қамқоршылардың қатарында Тимур Турлов, Айдын Рахымбаев, Арсен Томский, Бауыржан Исабаев, Марат Жұман, Серік Төлбасы, Сергей Кан, Асхат Омаров, Қанат Көпбаев, Дәулет Нұржанов пен Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі басқа да көптеген танымал қайраткерлер бар.

Медеудегі концерт

IQanat 2024 олимпиадасының қорытындысы Медеу таулы спорт кешенінде өткен салтанатты марапаттау рәсімінде жарияланды. Марапаттау кешінде Бурабайдағы IQanat мектеп-насионатында оқитын 100 баланың есімі белгілі болды.

Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды

Бақыты жанған тағы 100 өрен IQ Advance жоғары оқу орындарына арнайы тереңдетілген дайындық бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Қалған 800 финалист Олимпиададан кейінгі IQIP (IQANAT Intensive Program) бағдарламасының қатысушылары қатарына еніп, оның шеңберінде үш жыл ішінде тәжірибелі оқытушылар, тәлімгерлер мен кәсіби бағдар берушілер балаларды ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға дайындайды, ағылшын тілін үйретеді, сондай-ақ болашақ мамандық пен жоғары оқу орнын таңдауға көмектеседі.

IQanat бағдарламаларының арқасында балалардың 90%-ы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түседі. Қазір жоба түлектері әлемнің 15 елінде оқиды.

Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды

Түркістан облысындағы Темірлан ауылынан келген 14 жастағы Бақтияр Қылышбай IQanat мектебінде оқуға мүмкіндік беретін грант иегерлерінің бірі атанды.

Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды

Грант иеленгенімді естігенде, сахнада жылап жібердім. Содан кейін бірден анама хабарласып, бүкіл отбасымызды қуанышқа бөледім. Ата-анам мені ешқашан бүгінгідей мақтан тұтқан емес шығар. Бұл менің өмірімдегі ең тамаша оқиға ретінде есімде қалатыны даусыз. Арманым - Гарвардқа түсу. Бұған сенуім қиындау болар, бірақ мен IQanat бұған қол жеткізуге көмектесетінінін сеземін. Себебі айқанаттықтардың қаншалықты биікке самғағанын жақсы білемін, - деді ол.

Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды

IQanat мектебінің түлегі Ернұр Төлегенов Олимпиадаға ерікті ретінде келгенін айтты.

Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды

Маңғыстау облысындағы шағын ауылдың тумасымын. IQanat арқасында қазір еліміздегі ең үздік университеттердің бірі – ҚБТУ-да екінші курста оқып жатырмын. 100 пайыз тегін. Бірнеше жыл бұрын мұны елестете де алмаушы едім, қазір барлық арманым орындалды. IQanat-та мықты білім алып, достар мен тәлімгерлер тауып, үлкен отбасы мүшесінің бірі атандым. Енді борышымды өтеп, басқа балаларға биік белестерді еңсеруге көмектесу үшін Олимпиадаға ерікті ретінде келдім, - деп айтты Ернұр.

Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды

Олимпиада аясында тестілеу тек бір күн ғана өткенін атап өтейік. Қалған уақытта балалар зияткерлік және жігерлендіретін шыңдалудан өтті. Бұл өскелең ұрпақ өкілдері үшін бірегей мүмкіндік. Себебі балалардың көбі ауылынан алысқа шыға қоймайтыны мәлім.

Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды

Дәрістер мен саяхат, ғылыми зерттеулер

Балалар үшін сарапшылар медиасауат, AI және дизайн сана, шешендік шеберлік, қаржылық және құқықтық сауат, қызмет таңдау сияқты тақырыптар бойынша дәрістер өткізді. Сонымен қатар оқушылар ғылыми сынақтарға қатысты. Жасөспірімдердің көкжиегін одан әрі кеңейтіп, қызыққа батыру үшін ұйымдастырушылар Алматы қаласындағы ботаникалық бақ пен орталық мемлекеттік мұражайға саяхаттар қарастырды.

Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды

Жігерлендіруші кездесулер

Мектеп оқушыларын шабыттандыру үшін олармен қамқоршылар қатарынан кәсіпкерлер мен инфлюенсерлер кездесті. Мысалы, айқанаттықтармен жүздесуге режиссер, «Ирина Қайратқызы» тобының бұрынғы мүшесі Қуаныш Бейсек, кәсіпкерлер мен меценаттар Қанат Көпбаев, Дулат Тастекей, Айдос Таңсыққожин және басқалар келді.

Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды

Жобаның қамқоршылары IQanat ауыл балаларының патриотизм рухында тәрбиеленген, қоғамға оң үлес қосуға дайын жауапты, ой-санасы сергек және табысты көшбасшылар болып ер жетулері үшін осындай үлкен күш-жігер жұмсайтынын атап өткіміз келеді.

Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды
Ауылдың 1000 баласы олимпиадаға қатысып, 100 бала тегін оқуға жолдама алды
Өзгелердің жаңалығы